Иранның Исфаһан қаласындағы Әли Ғапу сарайы шах Аббас I-нің бұйрығымен салынған.
Әли Ғапу сарайы Нақш-е Жаһан алаңының батыс бөлігінде орналасқан. Кезінде Сафави билеушілерінің ресми резиденциясы ретінде пайдаланылған алты қабатты тарихи ғимарат ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.
Сарайдың әр қабаты ерекше стильмен безендірілген. Әли Ғапу сарайының биіктігі 48 метр. Тарихи ғимарат алты қабатты болғанымен, ғимарат алдыңғы жағынан қарағанда төрт қабатты, ал артқы жағынан қарағанда бес қабатты болып көрінеді. Ғимараттың алты қабатты екенін ішке кірмейінше болжау қиын.

















Discussion about this post