Ислам революциясының жетекшісі Әли Хаменеи Американы басқыншы және өтірікші деп айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, жексенбі күні таңертең Иран Ислам Республикасының 41-ші халықаралық Құран байқауына қатысқан ұстаздар, қарилер мен хафиздер имам Хомейни атындағы хосейниеде ұйымдастырылған іс-шарада Ислам революциясының жетекшісі Әли Хаменеимен кездесті.
Әли Хаменеидің осы кездесуде сөйлеген сөзінің негізгі тұстары төмендегідей:
Алланың рұқсатымен Газа секторы сионистік режимді жеңді. Аллаға рухани сенімнің шарты – Алланың рұқсатымен мүмкін емес нәрсенің мүмкін болатынына сенімділік.
Иран халқы шыдамдылық танытып, күш-жігер жұмсап, ілгерілеуге қол жеткізді.
Ислам үмбетінің мәселелерін Аллаға сену арқылы шешуге болады.
Иран халқының “Америкаға өлім!” деп айтуға батылы барады. Америка — басқыншы және өтірікші.
Алланың рұқсатымен мүмкін емес нәрсе шындыққа айналады. Егер Газа Америка сияқты ұлы державамен соғысады және Газа оны жеңеді десе, сенер ме едіңіздео?! Сізжер сенбейтін едіңіздер. Бұл мүмкін емес нәрселердің бірі, бірақ Алланың рұқсатымен бұл мүмкін болды.
Иран халқы мен басқа халықтардың айырмашылығы — Иран халқының Американы агрессор, өтірікші және алдамшы деп айтуға батылы баратындығында. Ал басқаларының батылы бармайды. Олар өздеріне қатысты жұмысты істемейді. Олар мұны істемегендіктен, нәтижеге қол жеткізілмейді.
Соңғы қырық жылдан астам уақыт ішінде әлемдегі барлық тәкаппар державалар Иранға қарсы әрекет етуге тырысты. Алайда Иран халқы зардап шекпей, керісінше дамуғае қол жеткізді.
Бүгінгі Иран — 40 жыл бұрынғы Иран емес. Біз барлық бағытта өстік.
Әли Хаменеи, Құран, Байқау, Бүгінгі Иран












