Әзербайжан үкіметінің үйлестірілген жұмысы нәтижесінде Сириядағы қарулы қақтығыс аймағынан 13 азамат – 6 әйел мен 7 бала отандық ортаға репатриацияланды.
Еуразия Тудейдің Әзербайжан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Сирия Араб Республикасынан Әзербайжанға 13 әзербайжандық, соның ішінде 6 әйел мен 7 бала репатриацияланды.
Алдымен елге оралушылардың тұрған жері, жеке басы және Әзербайжан Республикасының азаматтығына қатыстылығы анықталды.
Шетелде дағдарысты жағдайға тап болған Әзербайжан азаматтарын елге қайтаруға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын Жұмыс тобының мүшелері Сирияға жіберілді. Репатрианттарға бастапқы медициналық және психологиялық тексеруден өту қамтамасыз етілді.
Содан кейін Әзербайжан Республикасының Сирия Араб Республикасы мен Түркия Республикасындағы елшіліктерінің, сондай-ақ Әзербайжанның Стамбулдағы Бас консулдығының үйлестіруімен азаматтарға Әзербайжанға қайту куәліктері беріліп, ұшақ билеттері ұсынылып, олар елге жеткізілді.
Репатрианттарды әлеуметтік оңалту және қоғамға реинтеграциялау бойынша тиісті шараларды жүзеге асыру көзделген.












