Бүгін, Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 3 желтоқсан күні Иранның Машһад қаласына жұмыс сапарымен аттанды.
Еуразия Тудейдің Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Джейхун Байрамов Машһад қаласында ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысына қатысады.
Әзірбайжан СІМ басшысының сапар аясында ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысында сөз сөйлеуі, сондай-ақ, екіжақты бірқатар кездесуі жоспарланған.
Айта кетейік, Иранның Машһад қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысы басталды.
















