Бүгін, 2024 жылдың 15 шілдесінде Әзірбайжан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі жаңа мекенжайда жұмысын қайта бастады.
Еуразия Тудейдің Әзірбайжан Республикасы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Елшілік Әзірбайжан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы келіссөздерден кейін қайта ашылып, Елші мен дипломатиялық қызметкерлер Иранға оралған.
Осы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта Ирандағы Елшіліктің жаңа ғимаратында консулдық қызметті ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар жүргізілуде.
ӘР СІМ мәліметінде Елшіліктің жұмысын қалпына келтіру өзара сыйластық пен тату көршілікке негізделген Әзірбайжан-Иран қарым-қатынасын одан әрі дамытуға, екі ел арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға және шешуді қажет ететін мәселелерге ықпал ететіндігі қуатталған.
Иранның «Дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясының» шеңберіндегі дипломатиялық қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындай отырып, осы елдің жаңа елшілік ғимаратының алдындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдағаны баса айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 27 қаңтарда Бакудің Тегерандағы елшілігіне 50 жастағы ер адам басып кіріп, қарулы шабуыл жасаған оқиғадан кейін Әзірбайжан елшілігін 29 қаңтарда жапқан болатын.












