Сауд Арабиясы Израиль режимінің Иранға әскери басқыншылығын айыптап, оны егемендік пен халықаралық нормаларды бұзу деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде: «Иран Ислам Республикасына жасалған әскери шабуыл егемендік пен халықаралық нормаларды бұзу болып табылады. Оны Сауд Арабиясы айыптайды» — деп жазылған.
Сауд Арабиясы тараптарды барынша ұстамдылыққа, шиеленісті азайтуға және аймақтағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.
Сауд Арабиясы сонымен қатар халықаралық қауымдастық пен ықпалды тараптарды аймақтағы шиеленісті азайту және қақтығыстарды тоқтатудағы рөлдері мен міндеттерін орындауға шақырды.
Сондай-ақ Катар Премьер-Министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман әл-Тани, Сирия Сыртқы істер министрі Бассам әл-Саббақ және Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абдул Ати Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен телефон арқылы сұхбатта аймақтағы оқиғалар туралы пікір алмасты.
Жоғарыда аталған елдердің министрлері сионистік режимнің қазанның 26-на қараған түнде Иранның кейбір әскери орталықтарына жасаған агрессивті шабуылдарын айыптап, Газа мен Ливанда атысты тоқтату бітімін орнатуды, сионистік режимнің соғыс машинасын тоқтатып, аймаққа тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтару үшін күш-жігерді арттыру қажеттігін қуаттады.
Айта кетейік, Израиль Әскері 26 қазанға қараған түні Иранға шабуыл жасады.
Fars ақпарат агенттігі Израильдің Теһранның батысы мен оңтүстік-батысындағы бірқатар әскери базаға шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Шабуылдардың салдарынан Иранның бірнеше әскериі қаза тапты.














