Еуроодақ сыртқы саясатының басшысы Жозеп Боррель сионистік режимнің БҰҰ қарарларын сансыз бұзғанын мойындап, Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалардың Украинадағы соғысты тасада қалдырғанын айтты.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Жозеп Боррель Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды адамдық сезімнің жоғалғанын көрсетеді деп сипаттады.
Дипломат RNE радиосына берген сұхбатында: «Таяу Шығыста болып жатқан жағдай біздің адамдық сезімімізді жоғалтқанымызды көрсетеді. Біз Украинадағы соғыс туралы ол аяқталғандай көп айтпаймыз, бірақ жоқ, мен сізді сендіремін, ол біткен жоқ, ол бұрынғыдай қарқындылықпен жалғасуда.
Мен Израильдің БҰҰ-ның қанша қарарын жүйелі түрде орындамағанын білмеймін. Біз атысты тоқтатуды талап етеміз десек, бұл талап біздің мәжбүрлеу қабілетімізді білдіреді. Газа мен Ливанда соғыс жалғасып жатқанда, біз одан да үлкен өртке әкелетін ұшқынның алдында өмір сүреміз», — деді.












