ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.
ҚР СІМ баспаөз қызметінің хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы бірлесіп енгізген «Тұранның суық қысқы шөлдері» көпұлттық номинациясының құрамдас бөліктері ретінде Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.
Тиісті шешім Комитеттің Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан кеңейтілген 45-ші сессиясында қабылданды.



















