Америка әскері адамгершілікке жатпайтын әрекеттерінің жалғасында Тынық мұхитында есірткі контрабандасына күдікті тағы бір кемені нысанаға алды.
Америка әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі контрабандасына күдікті санаған бір кемеге жасаған шабуылда бір адамды өлтіргендерін хабарлады.
Америка әскерінің оңтүстік қолбасшылығы Х платформасындағы жазбасында осы елдің әскерилері Соғыс министрі Пит Хэгсеттің бұйрығымен Тынық мұхитында бір кемені есірткі заттары өтетін жолда жүзіп бара жатқаны үшін нысанаға алып, атқанын хабарлады.
АҚШ Соғыс министрлігінің мәліметі бойынша, қыркүйек айынан бері осы ел Тынық мұхиты мен Кариб теңізінде есірткі контрабандасымен айналысатын күдікті қайықтарға 20-дан астам шабуыл жасап, барлығы 100-ден астам адамның өмірін қиды.
Адам құқығын қорғаушы топтар Американың Тынық мұхиты мен Кариб теңізіндегі кемелерге шабуылдарын сотсыз өлім жазасы әрі соғыс қылмыстары деп атады.
Сарапшылар Кариб теңізі мен Тынық мұхитындағы Американың әскери әрекеттерінің мақсатын Латын Америкасындағы елге қарсы солшыл үкіметтерді қорқыту деп атады.














