Америка Президентінің Украина мәселесі бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф Америка мен Украина арасындағы бітім келіссөздері алдағы аптада Арабстанда өтетінін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Америка Президентінің Украина ісі бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф Мемлекеттік хатшы Марко Робио және осы елдің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Майк Вальцбен бірге келесі аптада Украина басшыларымен келіссөз жүргізу үшін Арабстанға сапармен баратындарын айтты.
Ол Ақ Үйдің алдында берген сұхбатында: «Отырысты Эр-Риядта, тіпті Джиддада өткізу үшін үйлестіру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Сондықтан оның өтетін нақты орны әлі белгісіз. Бірақ міндетті түрде Сауд Арабиясында өтеді. Біздің мақсатымыз — бітім мен атысты уақытша тоқтату үшін келісімге негіз дайындау», — деді.
Бұл Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы ақпанның 28 күнгі шиеленісті кездесуінен кейінгі Америка мен Украинаның жоғары лауазымды тұлғаларының жоғары деңгейдегі алғашқы кездесуі болмақ. Сол кездесуден кейін Трамп Украинаға барлау саласында ақпаратпен алмасуды доғарып, көмекті тоқтатты.
Стив Уиткофф Украина Президенті Зеленскийдің Дональд Трампқа жазған хатын алғашқы оң қадам деп атап: «Зеленский жуырда Ақ Үйге тағы шақырылуы мүмкін. Америка Президенті оралу үшін жол бар екенін баса айтты. Зеленский осы жолда оң ниетке ие екенін білдірді. Ол кешірім сұрап, алғыс білдіріп, бейбітшілікті қалайтынын айтты. Түпкілікті мақсат — бейбітшілік. Президент нәтижеге жететін адам. Ол жақсы нәтижеге жетуді көздейді. Жақсы нәтиже — бейбітшілік, соғыстың тоқтатылуы мен жақсырақ әлем», — деді.












