Йеменнің БАҚ Американың Сананың аудандарына тағы шабуыл жасағанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Американың кеше түн мен бүгін таңда Йеменнің солтүстігіндегі Саада провинциясына жасаған шабуылдарынан кейін Йеменнің ақпарат құралдары Американың Сананың аудандарына шабуылдарының жаңа кезеңі басталғанын хабарлады.
Осы мәлімет бойынша Санхан шаһристанындағы Джарбан ауданы бес рет Американың әуе шабуылдарының нысанасына алынды.
Бұл шабуылдардың материалдық шығыны мен құрбандары туралы әзірге есеп жарияланған жоқ.
Бұған дейін Йеменнің ақпарат құралдары АҚШ-тың Йеменнің солтүстігінде орналасқан Саада провинциясындағы аймақтарға басып кіргенін хабарлаған.
Йемендік al Masirah тілшісінің хабарлауынша, АҚШ кеше түннен бері Йеменнің солтүстігіндегі Саада провинциясының әртүрлі аймағына 15 рет шабуыл жасады.
Маджиз қаласындағы Тахия аймағы мен Саададағы Сахар аймағы да Американың жаңа шабуылдарының нысанасына айналды.












