Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 24 сәуірде Қырғызстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Луды қабылдады.
Қырғыз Республикасы СІМ-нің хабарлауы бойынша кездесуде қырғыз-америкалық екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен басымдықтары бойынша пікір алмасу болды.
Садыр Жапаров Қырғызстанның шетелдік инвестицияға, атап айтқанда озық технологиялары мен заманауи өндірісі бар компанияларға ашық екеніне тоқталды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Садыр Жапаровты Сирияның солтүстік-шығысынан елінің 59 азаматының сәтті оралуымен құттықтап, бұл мәселеде алдағы уақытта да ынтымақтасуға дайын екендіктерін атап өтті.
Сонымен қатар, Дональд Лу америкалық тарап Қырғызстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда цифрлық экономиканы қолдауға, сондай-ақ өзара тиімді серіктестіктің басқа да бағыттары мен мүмкіндіктерін қарастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

















