АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) жексенбі күні кешке «USS Delbert D. Black» зымыран тасушы эсминецінің Израильдің Эйлат портынан шыққанын жариялады.
CENTCOM бұрынғы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл кеменің Эйлатта болуы туралы былай деді: «Бұл АҚШ пен Израиль арасындағы нығайған теңіз серіктестігінің, сондай-ақ Жерорта теңізі, Ақаба шығанағы және Қызыл теңіздегі қауіпсіздік пен өркендеуді ілгерілетуге бағытталған ортақ міндеттемелердің көрінісі»
Бұған дейін ақпарат құралдары Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты Вашингтонның бұл эсминецті Таяу Шығыс аймағына жібергенін хабарлаған болатын.
Reuters агенттігінің мәліметінше, «Delbert D. Black» эсминецінің келуімен Таяу Шығыстағы АҚШ әскери кемелерінің саны 6-ға жетті.












