Анголаның ОПЕК-тен шығатынын 21 желтоқсан күні елдің Мұнай, газ және минералды ресурстар министрі Диамонтино Азеведо мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, шешім Ангола президенті Жоа Лоуренчо бастаған министрлер кеңесінің отырысында қабылданды.
Диамонтино Азеведоның айтуы бойынша, бұл шешім ұйымға қатысудан нәтиже болмағандықтан және мұнай өндіру квоталары бойынша келіспеушіліктердің туындауымен байланысты.
Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін Ангола квотаның пайдасын көрмеген. Диамонтино Азеведо егер Ангола ОПЕК-те қала беретін болса, өндіріс квотасын сақтау туралы шешімнің салдарынан зардап шегетінін айтты. Одан кейін Ангола өндірісті қысқартуға мәжбүр болатын еді.












