БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш кеше, 3 тамыз күні Түркіменстанға жұмыс сапарымен барды.
Еуразия Тудейдің TDH агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Антониу Гутерриш Түркіменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Түрікменбашы халықаралық әуежайында Түркіменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.
Айта кетейік, “Әріптестік арқылы дамуды жеделдету” тақырыбындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі Үшінші конференциясы (LLDC3) Түркіменстанның Аваза ұлттық туристік аймағында 2025 жылғы 5-8 тамыз аралығында өтеді.
Шараға Біріккен Ұлттар Ұйымы, теңізге шығар жолы жоқ дамушы 32 мемлекет, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары мен Үкіметтік емес ұйымдар қатысады.












