АҚХА-ның өкілі жуырда Иранға барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи журналистерге берген сұхбатта мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша Тегеран алдағы екі аптада Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен ынтымақтастықтың техникалық аспектілерін талқылайды.
Исмаил Бақайидің айтуынша, Ислам Республикасы АҚХА-мен өзара іс-қимылдың жаңа форматын әзірлегісі келеді. Бақайи сөзінің жалғасында: «Иран Парламентінің біз үшін заңды күші бар заң жобасын ескере отырып, біз ынтымақтастықты қалай жалғастыруға болатынын қарастырамыз», — деді.
Еске салайық, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан сәрсенбі, 2 шілде күні Иран Конституциясының 123-бабына сәйкес “Үкіметтің АҚХА-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы заңын” ресми түрде мақұлдап, тиісті органдарға орындауға жіберді.
Бұл заңды Ислам кеңесінің Мәжілісі 25 маусымдағы отырысында бекітіп, осы күні Конституцияны қорғау кеңесінің мақұлдауын алды. Заңда АҚХА өкілдеріне Иран аумағында инспекциялық жұмыс жүргізуге тыйым салу қарастырылған.
Иран билігі АҚХА-нің Тегеранның ядролық міндеттемелерді орындамағаны туралы жариялаған қарары Израиль шабуылдарына негіз болғанын алға тартуда.
Дегенмен, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси жуырда Теһранмен қарым-қатынасты қалпына келтіруді қажеттілік деп атады.












