«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президенті Александр Стубты қарсы алу рәсімі өтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.
Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.
Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салды.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылды 13 мамырда орнатылды.
2010 жылы 3 наурызда Финляндияның Қазақстандағы Елшілігі, 2012 жылы 15 наурызда Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі ашылды.












