АҚШ атом энергетикасы саласында Қытайдан 15 жылға артта қалды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ақпараттық технологиялар және инновациялар қорының (Information Technology & Innovation Foundation) жаңадан жарияланған есебінде айтылды.
Қытай мемлекеттік қаржыландырудың, құрылыстың жылдам қарқынының және ауқымды үнемдеудің арқасында АҚШ-тан озып, атом энергетикасын қарқынды дамытуда.
Қытайда орташа құрылыс мерзімі шамамен жеті жыл болатын 27 ядролық реактор салынуда. Бұл басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жылдам.
Әлемдегі ең ірі атом электр станцияларының паркі АҚШ-қа тиесілі. Бірақ Джорджия штатындағы екі ірі электр станциясы 2023-2024 жылдары миллиардтаған долларлық бюджеттен асып, жылдар бойы кідіріспен пайдалануға берілгеннен кейін АҚШ-та ядролық реакторлар салынбайды.
Америкалық институт қызметкерлері Ақ үй жоғары шығындарға байланысты ядролық технологияларды дамытуды тоқтата тұруға шешім қабылдағанын атап өтті. Олардың айтуынша, бюджет тапшылығы Юта штатындағы зертханада жоғары технологиялық ядролық компоненттер зауытының құрылысын тоқтатуға әкелді.
Ал Қытайда өткен жылы әлемдегі алғашқы төртінші буын жоғары температуралы реактор пайдалануға берілді.












