АҚШ Мемлекеттік департаменті қарашаның он үші күні Германияда орналасқан Antifa-Ost қозғалысын және онымен байланысты төрт топты арнайы белгіленген әлемдік лаңкестер деп таныды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша АҚШ үкіметі солшыл «Антифа» қозғалысымен байланысы бар еуропалық антифашистік және палестиналықтарды қолдайтын төрт топты «Арнайы белгіленген лаңкестердің» тізіміне қосты. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
Төрт топтың қатарында Германияның «Антифа-Ост», Италияның Анархистік бейресми/халықаралық революциялық майданы (FAI/FRI) федерациясы, Грекиядағы Қарулы пролетарлық әділет, «Революциялық таптық қорғаныс» топтары бар.
Бұл топтар 20 қарашадан бастап «Шетелдік террористік ұйымдар» тізіміне қосылады. Вашингтонның айтуынша, бұл топтар соңғы жылдары, нақты айтқанда 2018-2023 жылдары Еуропада капитализмнің символдарына шабуыл жасады.
Биыл қҚыркүйек айында АҚШ президенті Дональд Трамп Антифа қозғалысын ел ішінде лаңкестік ұйым деп таныған жарлыққа қол қойды.
Айта кетейік, «Антифа» (антифашизмнің қысқартылған нұсқасы) — неонацизм мен нәсілшілдікке қарсы күресетін қозғалыстардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың жалпы атауы.














