АҚШ өзінің одақтастарының көмегінсіз-ақ Ормұз бұғазын аша алатынын мәлімдегеніне қарамастан, коалиция құруға тағы талпыныс жасады.
Трамп «АҚШ-қа Ормұз бұғазын ашу үшін басқалардың көмегі қажет емес» дегеннен кейін, оның әкімшілігі одақтастардан осы маңызды өткелден кемелерді өткізуге көмектесуді сұрап, жаңа әрекет бастады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті «Теңіз еркіндігі бастамасы» атты коалиция құруды жоспарлап отыр. Алайда, АҚШ ұсынған бұл халықаралық коалицияға қосылуға одақтастырының құлқынысы онша жоқ. Жуырдағы соғыс көптеген одақтастарын тосылтқандықтан олар бұған қатысуға ниет білдірмеді. Әлемдік энергетика бағасы өсіп, дипломатиялық күш-жігер тоқтады. Ормұз бұғазының болашағына қатысты тығырықтан шығатын жол әлі табылмады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл топқа қосылу күтілетін елдердің тізімін беруден бас тартты, бірақ дипломатиялық өкілдіктерді АҚШ-тың бәсекелестері, соның ішінде Ресей, Қытай, Беларусь және Кубамен байланыс орнатпауға міндеттеді.












