АҚШ Мемлекеттік департаменті Палестинаның үкіметтік емес үш ұйымына санкция салды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
Рубионың айтуынша, АҚШ Қаржы министрлігі Палестинаның үкіметтік емес үш ұйымы “Әл-Хақ”, “Әл-Мизан” және Палестинаның адам құқықтары жөніндегі орталығына Халықаралық қылмыстық сотпен ынтымақтастық орнатқаны үшін санкция салды.
Бұған дейін де бұл сот Трамп әкімшілігі тарапынан санкцияға ұшыраған болатын.
Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары Израиль басшыларын Газа секторында әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алу туралы ордер шығарғаны үшін Халықаралық қылмыстық сотқа қысым көрсетуде.
Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантты тұтқындауға ордер берген болатын.
Ордер берілгеннен кейін АҚШ Халықаралық қылмыстық Соттың Бас прокуроры Карим Хан мен Соттың төрт өкіліне санкция салды.

















