Америка Құрама Штаттары мен Дания келесі аптада Гренландия мәселесін талқылайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Дональд Трамптың Гренландияға қатысты мәлімдемелерінен кейін туындаған шиеленісті талқылау үшін келесі аптада Данияның ресми тұлғаларымен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Рубио бұл туралы Конгресс ғимаратында журналистерге берген сұхбатында айтты.
Марко Рубио Америка Құрама Штаттарының Гренландияға ықтимал әскери араласуы туралы сұраққа: “Мен бұл жерде Дания немесе әскери араласу туралы сөйлесу үшін тұрған жоқпын. Мен келесі аптада олармен кездесемін. Сол кезде бұл мәселелерді талқылаймыз”, -деп жауап берді.
Мемлекеттік хатшы Трамптың Гренландияны сатып алу туралы мәселені өзінің бірінші президенттік мерзімінен бері айтып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Америка Құрама Штаттарының бұрынғы әкімшіліктері де Гренландияны сатып алу нұсқаларын қарастырған.
Мұның алдында Дональд Трамп стратегиялық маңызы бар Гренландия аралында Ресей мен Қытайдың ықпалы артып келе жатқанын алға тартып: “Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бізге Гренландия қажет”, -деді.
Трамп сонымен қатар Гренландияның Америка Құрама Штаттарының бақылауында болуы Батыстың кең ауқымды мүдделеріне қызмет ететінін, ал Еуропалық Одаққа қауіпсіздік тұрғысынан қажет екенін айтты. Данияның автономды аймағы болып табылатын Гренландия бұған дейін Америка Құрама Штаттарының егемендік беруді көздейтін ұсыныстарын қабылдамады.

















