Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

АҚШ пен Иран соғысы дағдарысқа айналып барады

  • Америка, Батыс Азия, Саясат
  • 20 июля, 2026 14:19

Loading

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс уақытша әскери текетірестен ұзаққа созылатын геосаяси дағдарысқа айналу қаупін күшейтті.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Исламабад меморандумы Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу үдерісіне елеулі қауіп төндірді.

Иран билігі 18 маусым күні АҚШ-пен қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы өз міндеттемелерін орындауды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Тегеран бұл шешімін Вашингтонның әуе шабуылдарының бір аптадан астам уақыт бойы тоқтаусыз жалғасып, ауқымы ұлғайып келе жатқанымен түсіндірді. Иран мұндай жағдайда ел қорғанысына басымдық беруге мәжбүр екенін, сондықтан дипломатиялық келіссөздерді жалғастыру мүмкін емес екенін баса айтты.

Тақырыпқа орай:

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026

Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи халыққа арнаған кезекті жазбаша үндеуінде АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің күш қолдануға және сол арқылы бейбітшілік келісімінің шарттарын бұзуға дайын екенін сынға алып: «Бұл жағдай АҚШ президенті қол қойған құжаттың ешқандай құны жоқ екенін және оған сенім артуға болмайтынын айқын көрсетті»,- деді.

Осыған байланысты сарапшылар Вашингтон мен Тегеранның қақтығысты реттеудің келесі кезеңіне өтіп, жан-жақты келісімге қол жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарап отыр. АҚШ пен Иран Исламабадтағы өзара түсіністік туралы меморандумды әзірлей бастаған сәтте тараптардың құжаттағы көптеген мәселеге, соның ішінде соғыс қимылдарының алғашқы кезеңінде Иран жапқан Ормұз бұғазының мәртебесіне қатысты ұстанымдары бір-біріне қайшы екені белгілі болды. Соған қарамастан, АҚШ президенті Дональд Трамп үшін бастысы құжатқа қол қою болғандай көрінді. Соның салдарынан келісімнің соңғы нұсқасында түрліше түсіндіруге мүмкіндік беретін тұстар сақталып қалды. Мәселен, Иран меморандумның Ормұз бұғазына қатысты бесінші бабын сауда кемелердің бұғаз арқылы өтуін ұйымдастыру және олардың қай теңіз бағыттарымен жүруін айқындау құқығын өзіне беретін ереже ретінде түсіндірді. Ал АҚШ Қарулы күштері сауда кемелерін Оман жағалауы бойымен өтетін балама бағыттар арқылы алып жүре бастағанда, Тегеран мұны өз ұстанымына қарсы жасалған қадам әрі қоқан-лоқы ретінде қабылдап, күш қолдануға көшті.

Сонымен қатар АҚШ қазіргі қақтығыстың негізгі себептері саналатын Иранның ядролық бағдарламасы мен зымырандық әлеуеті сияқты түйткілді мәселелерді кейінге қалдыруды жөн көрді. Тараптар бұл даулы тақырыптарды Исламабадтағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін басталған 60 күндік келіссөздер аясында талқылауы тиіс болатын. Алайда әскери іс-қимылдардың қайта жандануы бұл мәселелерді дипломатиялық жолмен шешу мүмкіндігін едәуір әлсіретті. Дәл осындай кемшіліктер АҚШ президенті Дональд Трамптың 2025 жылдың қазан айында ұсынған Ғаза секторына қатысты бейбітшілік жоспарында да байқалды. Құжатта атысты тоқтату режимі қарастырылғанымен, Израиль қорғаныс армиясының бөлімшелерін арнайы белгіленген шептерге шығару тетігі, Израильдің Ғазадағы әскери іс-қимыл еркіндігі және өтпелі кезеңнің құрылымы нақты айқындалмаған.

Сондай-ақ жоспар Ғаза секторындағы қарулы топтарды толық қарусыздандыруды және билікті палестиналық өтпелі басқару органдарына беруді көздеді. Алайда бұл мақсаттарға қол жеткізудің нақты саяси және әскери тетіктері ұсынылмағандықтан, негізгі мәселелер кейінге шегерілді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәсіл ХАМАС қозғалысының қайта күш жинауына мүмкіндік беріп, Израильдің Ғазадағы әскери операцияларды қайта бастау мәселесін күн тәртібіне қайта шығаруына себеп болды. Сарапшылардың пікірінше, Дональд Трамп әкімшілігінің Таяу Шығыстағы дипломатиялық бастамалары өңірдегі тұрақты бейбітшілікке берік негіз қалыптастыра алмай отыр. Иран мен Ғаза секторындағы жағдай бұл саясаттың түйткілді мәселелерді кейінге ысырып, алдымен атысты тоқтату режимін енгізуге басымдық беретінін көрсетеді. Алайда мұндай уақытша келісімдердің ұзақ мерзімді нәтиже бермейтіні байқалып отыр.

Осының салдарынан Таяу Шығыстағы қақтығыстар біртіндеп созылмалы сипатқа ие болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жанжалды реттеу міндеті аймақ елдерінің өз мойнына жүктеледі. Оның үстіне, Иран билігі соңғы айларда АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери және саяси ықпалы әлсіреп, өзінің шегіне жеткенін мәлімдеп келеді.

Дереккөзі: «Независимая» басылымы

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АҚШиранИсламабад меморандумы
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран Пентагонның әскери нысандарына бұрын-соңды болмаған дәлдікпен соққы берді

Иран Пентагонның әскери нысандарына бұрын-соңды болмаған дәлдікпен соққы берді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.