Мюнхен қауіпсіздік конференциясы қарсаңында АҚШ-тың Еуропаға қатысты ұстанымы жұмсара түсті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы басталар алдында трансатлантикалық қарым-қатынастардағы шешуші сәт туралы ескертіп, Еуропаға қатысты риторикасын жұмсартты.
Марко Рубио Мюнхенге аттанар алдында былай деп мәлімдеді: «Меніңше, біз шешуші сәтте тұрмыз. Әлем көз алдымызда өте жылдам өзгеріп жатыр. Мен өскен ескі әлем енді жоқ, біз қазір геосаясаттың жаңа дәуірінде өмір сүріп жатырмыз».
Рубио — 2028 жылғы президенттік сайлауда АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің ықтимал бәсекелестерінің бірі. Ол бұл мәлімдемені өткен жылы Вэнстің еуропалық одақтастарға шүйлігіп, бірқатар қайшылықтарға жол ашқан әрекетінен кейін жасап отыр.












