Aраб елдері Иран мен АҚШ арасында жалғасып жатқан жанама келіссөздерді құптап, мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы, Кувейт, Қатар және Бахрейн сияқты араб елдері Иран мен АҚШ арасында жалғасып жатқан дипломатиялық үдерісті қолдайтын мәлімдемелер жасады.
Эр-Рияд Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздерді аймақтық және халықаралық дауларды шешудің кілті деп бағалап, Тегеран мен Вашингтонның өзара іс-қимылы бейбітшілік пен ұжымдық күш-жігерге ықпал ететініне үміт білдірді.
Кувейт те бұл пікірді қолдап, келіссөздер аймақта тұрақты бейбітшілік орнатуға көмектесетініне үміттенетінін айтты.
БАӘ Сыртқы істер министрі де ирандық әріптесі Аббас Арақчимен телефон арқылы сұхбатта осындай қолдауды растады.
Тегеран мен Вашингтон арасындағы 12 сәуірде басталған жанама келіссөздер сәтті өтті.
Араб елдерінің Иран мен Америка арасындағы дипломатиялық үдеріске қазіргі қолдауы 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерісті білдіреді. Сол кезде олардың көпшілігі Трамп әкімшілігінің Тегеранның “Ортақ қадам” жан-жақты ядролық бағдарламасынан шығуы мен Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіру туралы шешімді құптаған болатын.
Бұл туралы Батыс Азия бойынша сарапшы Мохаммад Реза Моради: “Жағдай он жыл бұрынғыдан түбегейлі ерекшеленеді. Кезінде Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман “Иранға соғыс ашамыз” деп сес көрсеткен болатын. Алайда, Сауд Арабиясының бұрынғы қоқан-лоққыларынан айырмашылығы, жауырда осы елдің Қорғаныс министрі Халид бен Салман Тегеранға барып, Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті.
Сауд Арабиясы Йемендегі нәтижесіз соғысқа араласып, орасан зор қаржы жұмсады. Беделіне нұқсан келтіріп, ақырында Ансаролла қозғалысының нысанасына айналды. Сол кезде саудиялықтар өз шекараларында тыныштық болған жағдайда ғана қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатынын түсінді. Олар қауіпсіздікті көршілес елдермен қарым-қатынас жасау арқылы орнатуға мәжбүр болды. Өйткені америкалықтар арабтардың қиындықтарына мән бермеді.
Араб елдері Иран мен Америка арасындағы ықтимал әскери текетірес пен Трамптың Иранның ядролық нысандарын бомбалау туралы сес көрсеткеніне алаңдаушылық білдірді. Екі ел арасындағы әскери қақтығыс бүкіл аймақ үшін, мүмкін, бүкіл әлем үшін мұнай жеткізудегі үзілістерге, Парсы шығанағы елдері үшін ауыр экологиялық зардаптарға байланысты жойқын болатыны сөзсіз. Алайда, арабтар Иранның оқшауланғанын қаламайды. Олар қазір Иранның аймақтық ықпалы кейбір жағдайларда қорғаныс факторы ретінде қызмет ететінін мойындайды.
Өте жақсы мысал — Сирия. Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағының басқа елдері Иранның Сириядағы ықпалын әлсірету үшін ұзақ уақыт бойы күресіп келді. Бірақ, қазір Израиль елдің бір бөлігін, Түркия оның басқа провинцияларын басып алған жағдайда, арабтар Иранның Сирияда ешқашан қауіп төндірмегенін түсінді”,- деп түсіндірді.
Сарапшы Мохаммад Реза Морадидің айтуынша, Тегеран аумақтық экспансияға емес, барлық қатысушылармен аймақтық өзара іс-қимыл орнатуға ұмтылды.












