Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Америка Құрама Штаттарымен алдағы кез келген келіссөз тек ядролық тақырыпқа бағытталатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Тегеранның Америка Құрама Штаттарымен ықтимал диалогқа қатысты ұстанымының өзгермегенін растады.
Арақчи Үкімет отырысынан кейін сөйлеген сөзінде кез келген ықтимал келіссөз тек ядролық бағдарлама мәселелерімен шектелетінін, зымыран бағдарламасы мен аймақтық саясат тақырыптарын қамтымайтынын атап айтты.
Иран Сыртқы істер министрі тілшілердің Вашингтонның Иранның зымыран бағдарламасына қатысты талаптары жөніндегі сұрақтарына: “Америкалық тарап зымыран бағдарламасы және аймақтық мәселелерді әрдайым көтеріп келеді. Біздің ұстанымымыз айқын. Егер келіссөз өтсе, тек ядролық тақырыпқа қатысты болады.
Иранның ұстанымы өзгермейді. Қорғаныс мақсатындағы зымыран мүмкіндіктері мен аймақтық саясат талқылауға жатпайды”,- деп жауап берді.
Иран Сыртқы істер министрі саяси істер жөніндегі орынбасары Маджид Тахта-Раванчидің Оманға жасаған жуырдағы сапарына да тоқталып: “Бұл сапар Иран мен Оман арасындағы шамамен алты ай сайын өткізіліп тұратын мерзімді саяси кеңесулердің бір бөлігі болды”, — деді.
Арақчи Иранда ұсталған Францияның екі азаматына қатысты мәселеге де тоқталып, олардың босатылғанын растады. Сондай-ақ министр Арақчи ирандық азаматша Маһдие Эсфандиаридің де босатылғанын, қазір оның Иран елшілігінде екенін айтты.

















