Иран Сыртқы істер министрі Сейде Аббас Арақчи Иранның Ауғанстанмен сауда көлемі айтарлықтай артқанын, бүгінде екі ел арасындағы айналым Иранның Еуропа елдерімен сауда көлемінен артық екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Арақчи Иранның Ауғанстанға көбірек көңіл бөлуі керек екенін, Ауғанстанмен шекаралас остандарының сауданы неғұрлым арттыруда маңызды рөл атқара алатынын айтты.
Иран сыртқы істер дипломатиясының басшысы Ислам әмірлігінің Өнеркәсіп, сауда министрінің жуырдағы Систан мен Белучестан останына сапарын тілге тиек етіп, екі елдің жауапты тұлғалары осы кездесуде сауда саласында 23 жәйт бойынша келісімге келгендерін хабарлады.
Айта кетейік, Иран мен Ауғанстан арасындағы сауда көлемі 2024 жылы 3,197 миллиард долларды құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 84 пайызға артық.
Иран Ауғанстанға отын, құрылыс материалдары, мұнай-химия және азық-түлік сияқты тауарлар, Ауғанстан Иранға кептірілген жемістер, жаңғақтар және бағалы тастар сияқты тауарларды экспорттайды.
Жақында екі елдің лауазымды тұлғалары сауда көлемін 10 миллиард долларға дейін арттыруға мүдделік танытты.












