Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Сирияның бұрынғы Президенті Башар Асадтың Иранның ұсыныстарын естуден тартынғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Аббас Арақчи «Әл-Ғад» арнасына берген сұхбатында АҚШ пен сионистік режимнің Сирия оқиғаларындағы рөліне тоқталып: «АҚШ пен сионистік режим Израильге қарсы кез келген қарсыласуды нысанаға алды», — деді.
Сейед Аббас Арақчи аймақтағы, әсіресе Сириядағы оқиғаларды, сондай-ақ, Иран мен Мысыр арасындағы қарым-қатынасты талқылады.
Ол Сириядағы оқиғаларға қатысты: “Сирияда болған оқиға Америка мен Израиль режимі жоспарлаған үлкен жоба аясында жүзеге асты. Америка мен сионистік режим Израильге қарсы кез келген қарсыласуды нысанаға алды. Сирияда болған оқиғада Америка мен Израиль режимінің рөлін елемеу қателік”, — деді.
Арақчи сұхбатында мынадай маңызды жәйттерге тоқталды:
Сириядағы оқиғаларды екі қырынан талдауға болады. Бір қыры – АҚШ пен Израиль режимінің аймаққа арналған үлкен жобасы. Бұдан басқаша ойлаған адам қателеседі.
Америка-Израиль жобасы аймақтағы барлық елді әлсіретуді көздейді. Бұл сионистік режимге қарсы кез келген қарсыласуды жою үшін жасалып жатқан әрекет.
Сириядағы оқиғалардың екінші қыры – Сирия үкіметінің өз халқымен және оппозициямен әрекеттесуі.
Иран бұл елде Сирия үкіметінің өтініші бойынша және лаңкестік топтармен күресу үшін болды.
Башар Асадтың Сириядан кетуі үшін ешқандай байланыс болған жоқ.
Қарсыласу өсі Израиль режиміне қарсы жаппай және қатал шабуылдар жасады.
Иран Ислам Республикасы Сирия үкіметінің өтініші бойынша лаңкестермен күресу мақсатында осы елде болды. Үкіметтің халықпен және оппозициямен байланысы мен қарым-қатынасына ешқашан араласпады.
Біз Башар Асадқа көптеген ұсыныс жасадық. Ол оларды тыңдаудан бас тартты. Біз оған Идлибтегі оппозиция қозғалысы туралы ескерттік. Сирия үкіметі тәуелсіз шешім қабылдады.












