Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи бүгін жексенбі күні таңертең Катар астанасы Дохаға аттанды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Арақчи Дохада Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады.
Айта кетейік, Ислам-Араб Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысы Катардың өтініші бойынша Израильдің осы елге қарсы әскери басқыншылығы мәселесін талқылау мақсатында өтеді.
Бүгінгі отырыс дүйсенбіге жоспарланған Ислам-Араб елдері басшыларының саммитіне кіріспе болып табылады.
Саммитке Иран Ислам Республикасының Президенті доктор Масуд Пезкешкиан қатысады.












