Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Еуропаның үш елінің Сыртқы істер министрлері және Еуропалық Одақтың сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілімен сөйлесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи Франция, Германия және Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері және Еуропалық Одақтың сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілімен телефон арқылы сөйлесіп, ядролық бағдарлама және Иранға қарсы әділетсіз санкцияларды жою жөнінде пікір алмасты.
Сұхбат барысында Иран Сыртқы істер министрі Иранның диалог пен дипломатия үшін кеңістікті сақтаудың маңыздылығы жөніндегі принципті ұстанымына сілтеме жасап, Еуропаның үш елінің Қауіпсіздік кеңесі жойған санкцияларды қайтару әрекетінің ешбір заңды немесе қисынды негіздемесі жоқ екенін баса айтты.
Аббас Арақчи: “Иран Ислам Республикасы Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікпен диалогта жауапты ұстанымға ие болып, жаңа шарттарда өзінің кепілдік міндеттемелерін орындауға қатысты нақты нұсқаулық әзірледі.
Барлық тараптың бұл қадамның құндылығын түсінуі маңызды. Ендігі кезекте қарсылас тарап дипломатиялық жолды жалғастырып, алдын алуға болатын дағдарысты болдырмау үшін осы мүмкіндікті пайдалануы керек. Сонымен қатар, олар дипломатияда өздерінің байыптылығы пен сенімін көрсетуі керек,”, -деді.












