Иран Сыртқы істер министрі Арақчи ядролық келіссөздерден басқа Еуропамен өзге келіссөз жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Меһр агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Үкімет отырысы аясында тілшілерге берген сұхбатта: “Біз еуропалықтармен ядролық келіссөздер өткіздік. Ядролық келісөздерден басқа Еуропамен әзірше келіссөз жоқ”, — деді.
ИРНА агенттігінің мәліметіне сәйкес, Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади 2025 жылғы 14 қаңтарда X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында Женевадағы Иран-Еуропа келіссөздерінің үшінші раундының барысы туралы былай деп жазды: «Доктор Маджид Тахт-Раванчимен бірге Женевада Энрике Мора және оның командасымен ашық және сындарлы келіссөздер жүргіздік.
Біз негізінен санкцияларды жою, ядролық мәселе және екі тарапты да қызықтыратын басқа да мәселелер, сонымен қатар Еуропаның Израиль режиміне Газадағы қылмыстарына көрсетіп жатқан жөнсіз қолдауын талқыладық», — деді.















