Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи сионистік режимнің айуандық қылмыстарына қарсы Газа халқының қарсыласуын мадақтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Палестина Делегациясының Басшысы Рияд Мансурмен Кампалада кездесуде мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Арақчи «Қосылмау қозғалысы» аясындағы Рияд Мансурмен кездесуде басқыншы режим мен оның жақтастарын атысты тоқтату келісімін қабылдауға мәжбүрлеген сионистік режимнің айуандық қылмыстарына қарсы Газа халқының қарсыласуын, шыдамдылығы мен аңызға айналған табандылығын мадақтап, басқыншы режимінің жазасыз қалуын тоқтату үшін жан-жақты халықаралық талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Палестина халқының өз тағдырын өзі шешу құқығын қолдау бойынша бұрын-соңды болмаған жаһандық консенсусқа, соның ішінде «Қосылмау қозғалысы» аясындағы келісімге тоқталып, геноцидті тоқтатуды қамтамасыз ету және оккупация режимінің келісімдерді бұзуына жол бермеу үшін халықаралық қауымдастықтың құқықтық және ахлақтық жауапкершілігін баса айтты.
Рияд Мансур Иран мен басқа да ислам елдері мен «Қосылмау қозғалысының» Палестина халқының заңды құқықтарына қол жеткізу жолындағы күресіне берген қолдауын жоғары бағалап, Иран Сыртқы істер министрін Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы жағдай туралы хабардар етті.












