Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи «Келісім жолы БАҚ арқылы емес, келіссөз үстелі арқылы өтеді» деді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи Х платформасында жазба жариялап: «БАҚ Иран мен Америка арасында жуырда келісім жасалатыны туралы болжам жасауда. Алайда мен біздің дәл осындай кезеңде тұрғанымызға шынымен сенімді емеспін.
Иран Ислам Республикасы барлық тараптың мүддесін қамтамасыз ететін дипломатиялық шешім жолын табуға шынайы талпынуда. Бірақ бұл Иранға қарсы салынған санкцияның барлығын жоятын, Иранның ядролық құқығын, соның ішінде уран байытуға қол жеткізетін келісімді қажет етеді. Келісім жолы БАҚ арқылы емес, келіссөз үстелі арқылы өтеді.
Иран мен Америка арасындағы дипломатияға қарсы жуырдағы жалған хабарға келетін болсам, Иранның атын Америкадағы ішкі сыншыларға шабуыл жасау үшін құрал ретінде пайдалану тіпті Израиль үшін де түкке тұрғысыз әрекет», — деді.
Айта кетейік, Арақчидің бұл мәлімдемесі соңғы күндері Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы жанама келіссөздердегі ілгерілеушілік және уақытша келісімге келу мүмкіндігі туралы болжамдардың күшеюіне байланысты айтылды.














