Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Х платформасындағы ресми аккаунтында ағылшын тілінде жазба жариялап, Иранның күштеу келісімін қабылдамайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Арақчи былай деп жазды: «Ираның ядролық энергия бағдарламасы үнемі толығымен бейбіт мақсатты болды және солай болып қала береді. Сондықтан оның «потенциалды әскерилендіру» деген ештеңесі жоқ. Біз қысым және қорқыту арқылы келіссөз жүргізбейміз. Біз мұндай келіссөзді оның тақырыбы не болса да, тіпті қарастырмаймыз. Келіссөздердің күштеу мен бұйрық беруден айырмасы бар.
Біз қазір үш еуропалық елмен, Ресей және Қытаймен бөлек, тең шарттарда және өзара құрмет негізінде кеңесіп жатырмыз. Мақсат — заңсыз санкцияларды алып тастаудың орнына Иранның ядролық энергетика бағдарламасына қатысты зор сенім мен ашықтық орнату жолдарын зерттеу».












