Иран СІМ Аббас Арақчи Қазақстан СІМ Мұрат Нұртілеуді Тегеранда қабылдауында көршілес елдерді елінің басымдылығы деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран СІМ Аббас Арақчи бұл туралы кеше, маусымның жетісі күні Тегеранға ресми сапармен келген Қазақстан СІМ Мұрат Нұртілеу мен қасындағы жоғары деңгейлі делегацияны қабылдауында айтты.
Кездесуде тараптар Иран мен Қазақстанның Еуразия экономикалық одағы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты аймақтық ұйымдардағы мүшелігі мен екі елдің Каспий теңізімен байланысты мәселелердегі ортақ мүдделеріне тоқталып, экономика мен сауда, тасымал және мәдени салаларда ынтымақтастықты арттыру қажеттілігіне баса назар аударды.
Айта кетейтік, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иран Иран тарапының шақыруымен Ислам Республикасына ресми сапармен келді.












