Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи осы аптаның соңында Оманға сапармен барады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бақайидің айтуы бойынша осы елдің сыртқы істер органының басшысы Сейед Аббас Арақчи ресми шақырту бойынша Оман, Үндістан, Сингапурдың ұйымдастыруымен Масқатта өтетін Үнді мұхиты жағалауы мемлекеттерінің 8-ші саммитіне қатысу үшін Масқатқа сапармен барады.
Үнді мұхиты жағасындағы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің 8-ші саммиті «Теңіз серіктестігінің жаңа көкжиектеріне» ұранымен мүше жиырма елдің жоғары деңгейлі басшыларының қатысуымен осы аптаның соңында өтеді.
Иран СІМ Арақчи саммитке қатысып, баяндама жасаумен қатар қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерімен және басқа да лауазымды тұлғаларымен екіжақты кездесулер өткізеді.












