Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Америкамен өткен жанама келіссөздер туралы жазба жариялап, оптимизмді тек өте сақтықпен ақтауға болатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи X желісіндегі жазбасында мәлімдеді.
Аббас Арақчи: “Римдегі оң кеңістік ықтимал келісімнің қағидалары мен мақсаттарында ілгерілеуге ықпал етті.
Біз келіссөз барысында “Ортақ қадам” жан-жақты ядролық бағдарламасының Ирандағы көптеген адам үшін бүгінде қолайсыз екенін түсіндірдік. Қазіргі уақытта олар үшін “Ортақ қадам” жан-жақты ядролық бағдарламасынан қалған нәрсе -“қорытынды сабақтар”. Өз басым бұл пікірмен келісемін.
Сәрсенбі күні Оманда сарапшылар деңгейінде техникалық консультациялар өтеді. Біз содан кейін нақты шешім қабылдаймыз”, — деді.
Айта кетейік, 19 сәуір, сенбі күні Италияның астанасы Римде Иран мен АҚШ делегациялары арасындағы жанама келіссөздердің екінші кезеңі аяқталды. Келіссөздер Оман Елшісінің резиденциясында өтті.

















