Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Ормұз бұғазының басқыншы елдер мен олардың жақтастарына тиесілі кемелер үшін жабық екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи басқа елдердің кемелері Иран билігімен келісілгеннен кейін бұл стратегиялық су жолы арқылы кедергісіз өте алатынын баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі бұл туралы Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Хёнмен телефон арқылы сұхбат барысында мәлімдеді.
Чо Хён Аббас Арақчимен хабарласып, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери агрессиясынан кейінгі екіжақты қарым-қатынас пен аймақтағы жағдайды талқылады.
Арақчи аймақтағы қазіргі жағдай мен Ормұз бұғазындағы қауіпсіздіктің болмауы 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған заңсыз шабуылдарының тікелей салдары екенін атап айтты.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрі Тегеран өз ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын мұндай басқыншылық актілерден батыл қорғайтынын растады.
Министр Чо Хён шабуылдар салдарынан Иран азаматтарының, әсіресе Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы бастауыш мектепке жасалған шабуылдан 170-ке жуық оқушының қаза болуын АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған әскери қылмыс деп атап, өкініш білдірді.
Сондай-ақ, Корея министрі Ормұз бұғазындағы жағдайдың әлемдік экономикаға тигізетін теріс әсеріне алаңдаушылық білдіріп, шиеленісті азайту қажеттігін баса айтты.
Айта кетейік, әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 пайызы осы бұғаз арқылы өтеді.












