Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Сауд Арабиясы мен Катарға аттанады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи журналистерге сұхбат бергенде Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчидің бүгін, мамырдың оны, сенбі күні Сауд Арабиясы мен Катарға сапармен баратынын мәлім етті.
Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Иран Ислам Республикасының көршілерімен қарым-қатынасын үздіксіз нығайтудағы принципті саясатына сілтеме жасап, Сыртқы істер министрінің сенбі күні Сауд Арабиясының жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Эр-Риядқа баратынын хабарлады.
Бақайидың айтуынша, Арақчи сонымен қатар бүгін, мамырдың оны күні түнде «Иран-Араб әлемі диалогы» саммитіне қатысу үшін Дохаға барады.












