Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Сирия сапарында осы елдегі әріптесі Бассам Саббақпен кездесіп, кеңесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша аймақтық сапары және кеңесулері аясында Дамаскке барған Сейед Аббас Арақчи бүгін, қазанның бесі, сенбі күні таңертең Сирия Сыртқы істер министрі Бассам Саббағпен кездесіп, аймақтық және халықаралық түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Һамене бүгін таңертең X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Арақчидің Сирияға келгенін жариялап: «Иран Сыртқы істер министрі Арақчи елдің делегациясын бастап, Сирияда ресми кездесулер өткізу үшін Дамаскке келді.
Ол Сирияның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, олармен екіжақты қарым-қатынас және аймақтағы оқиғалар туралы кеңеседі», — деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мұның алдында елінің делегациясымен Ливан астанасы Бейрутте осы елдің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, бірқатар келіссөз өткізді.














