Сионистік істер жөніндегі сарапшы Әли әл-Авар Иранның сионистік режимге қарсы «Шынайы уәде-2» операциясын Батыс Азияның келбетін өзгертетін қуатты әрекет деп атады.
Еуразия Тудейдің Шахаб ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режим істері жөніндегі сарапшы Әли әл-Авар былай деді: «Иран Таяу Шығыстың келбетін өзгертетін тарихи оқиға мен мықты операцияны жүзеге асырды».
Әли әл-Авар сөзін жалғастырып: «Иран бастаманы қолға алып, аймақтағы басты ойыншыға айналды. Иран қауіпсіздік, саясат және стратегия тұрғысынан Азияның Батысында мықты көрінді.
Иранның зымыранмен жасаған операциясы Нетаньяху мен израильдіктердің бірнеше күн бұрынғы жеңіс эйфориясын жойды. Иранның операциясы Хезболлаға екі есе рух сыйлады. Хезболланың әскери күші мен зымырандары сол қалпында қалып, Палестинаның барлық жаулап алынған аймағына оқ жаудырды.
Иранның реакциясы Хезболланың іс тізгінін қайтадан өз қолына алуына себеп болды. Иранның зымырандық реакциясы қарсыласу өзегіне Израиль жеңісінің мақтанышын жою үшін қажет болды.
Ирандық 181 зымыран Нетаньяхуды дірілдетіп жіберуімен қатар оған Иранның күшті тежеу қаруы бар екенін түсіндірді. Иранның реакциясы Палестина мәселесін қайта жандандырды. Нетаньяху бұқаралық ақпарат құралдарында, Біріккен Ұлттар Ұйымында және бүкіл әлемде үстемдік құрғаннан кейін Иранның осы реакциясы арабтардың абыройын қалпына келтірді.
Айта кетейік, Ислам революциясы Сақшылар корпусының зымырандары қазанның бірі, сейсенбі күні кешке «Шынайы уәде-2» операциясында сионистік режимнің қауіпсіздік және барлау нысандарына соққы берді.
Бұл операция Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің мақұлдауымен және Иран Қарулы күштері Бас штабының хабарлауымен және Иран Ислам Республикасы армиясы мен Қорғаныс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
















