Иран Ислам Республикасының СІМ Сейед Аббас Арақчи аш-Шарқ арнасына берген сұхбатта Тегеранның Дамаскпен байланыс орнатуға асықпайтынын мәлімдеді.
ИИР-ның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи аш-Шарқ арнасына берген сұхбатта Тегеранның Сириямен байланыс орнатуға асықпайтынын мәлімдеді.
Арақчи Дональд Трамп Үкіметінің Сирияға салынған санкцияларды жою туралы жуырдағы әрекетіне сілтеме жасап: «Американың Сирия халқына қарсы санкциялары жойылғанына қуаныштымыз. Сирия көбірек тыныштық пен бейбітшілікке, көбірек аумақтық бірлікке, сионистік режимнің басқыншылығын доғаруға, барлық этникалық топтардың бірлігі жаққа қадам басатындығына үміттенеміз» — деді.
Арақчи сөзінің жалғасында Иран мен Сирия байланысына тоқталып: “Қазіргі уақытта Тегеран мен Дамаск арасында байланыс жоқ. Біз де байланыс орнатуға асығып отырған жоқпыз. Сирия Үкіметі Иранмен қарым-қатынас Сирия халқына қаншалықты көмектесе алады деген нәтижеге жеткен кезде біз олардың өтініштеріне жауап беруге әзірміз”, — деді.












