Армения Премьер-министрі Никол Пашинян ж өз елінің жақын болашақта Еуропалық Одаққа мүшелікке өтініш беруге шешім қабылдағанын хабарлады.
Никол Пашинян бүгін тамыздың 24, дүйсенбі күні ел Парламентінде жуырда Арменияның Еуропалық Одаққа қосылуға ресми өтініші берілетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар ол Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің Арменияда осы одақта қалу немесе Еуропалық Одаққа қосылу туралы шешім қабылдау үшін жалпыхалықтық референдум өткізу жөніндегі бірлескен мәлімдемесін қолдады.
Пашинян былай деді: «Бұл қадамды біз достық ниет ретінде бағалаймыз. Бұған өте ризамыз, сондай-ақ, мұндай референдумның Арменияда міндетті түрде өтетініне сенімдімін. Армения Еуропалық Одаққа қосылу туралы ықтималды референдумның жол картасын әзірлемес бұрын, мүшелікке ресми өтінішін ұсынуы тиіс», — деді.
Бұл мәлімдемелер Ресей Президенті Владимир Путин бұған дейін Еуропалық Одаққа қосылу Арменияның Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастығының тоқтауына автоматты түрде соқтыратынын ескерткен жағдайда жасалды.
Айта кетейік, Армения Парламенті 2025 жылдың наурыз айында елдің Еуропалық Одаққа кіру процесін бастау туралы заңды қабылдады, ал Республика Президенті Ваагн Хачатурян оны соны жылдың сәуір айында бекітті.














