Астанада 15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінде жойғыш ұшақтар демонстрациялы түрде ұшады.
Еуразия Тудейдің Қорғаныс министрлігінің Телеграм арнасындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша іс-шараға дайындыққа байланысты бүгін 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.
Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.
Ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұрап, барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылатындығына, халыққа ешқандай қауіп төндірмейтіндігіне, түрлі түсті түтіндерді пайдалану тек демонстрациялық сипатқа ие және қоршаған ортаға зиян тигізбейтіндігіне назар аудартты.














