Кеше түнде белгісіз адам жеке көлігімен чемпиондық жеңісті тойлап жатқан «Галатасарай» футбол клубының жанкүйерлерін аяусыз түрде қақты.
Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға салдарынан 5 адам жарақат алған. Жанкүйерлерді қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
Айта кетейік, Стамбұлдың «Галатасарай» клубы Суперлиганың 33-ші турында Окан Буруктың басшылығымен Antalyaspor командасын 4:2 есебімен жеңді.
«Галатасарай» сапында Лемина мен Айхан бір-бір голдан соқты. «Галатасарай» 26-шы чемпион титулын жеңіп алған соң Кайсеридегі үстеріне қызыл және сары киім киген жанкүйерлер мерекелік шара өткізді.













