Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Елшілігінің бастамасымен 2023 жылғы 5 қазанда Қазақстан халықтары Ассамблеясының Достық үйінде Тәжікстан бұрышының ашылу салтанаты өтті.
Тәжікстан Республикасы СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша бұрыш Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанының 30 жылдығына орай ашылды.
Тәжікстан Елшісі Х.Ибодзода өз сөзінде тәжіктердің мәдени мұрасының қайта жандануы, дамуы және өркендеуіне тоқталды, сонымен қатар бұрышты ашудағы мақсат тәжік халқының мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен, дәстүрлері мен музыкалық аспаптарымен таныстыру деп атады.
Астанадағы Тәжікстанның мәдени бұрышында атлас, адрас, гулдузи, шакан, сузани, халық аспаптары, Тәжікстанның пейзаждары бейнеленген картиналар, тәжік халқының халық қолөнері мен сәндік-қолданбалы өнері бейнеленген ұлттық киімдер қойылған.












