Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді.
Еуразия Тудейдің Қорғаныс министрілігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.
7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін салтанатты шараға 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.
Әскери шеру республикалық телеарналардан, еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан, Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан Қарулы күштерінің күш-қуатын көрсететін салтанатты шеру елдің мерейін өсіріп, айбынын асырады.












