Даулы мәселелерге толы АҚШ-ның ұшақ тасымалдаушы әскери кемесі оқиғаларға толы сапардан кейін еліндегі портына оралды.
«Авраам Линкольн» кемесі сәрсенбі күні өзінің үй портына келіп, Иранға қарсы соғыс аясындағы ұзақ мерзімді миссиясын аяқтайды.
Алайда Пентагон үшін бұл әскери кемеге қатысты оқиға енді ғана жаңа кезеңге аяқ басып отыр.
«USS Abraham Lincoln» ұшақ тасымалдаушы кемесі сәрсенбі күні Калифорния штатының оңтүстігіндегі Сан-Диего қаласында орналасқан үй портына келіп, Иранға қарсы соғыс аясындағы даулы миссиясын аяқтайды.
АҚШ-тың Қорғаныс министрі Пит Хегсет осы әскери кемеде туындаған проблемалар мен дағдарыстарға байланысты қатты сынға ұшыраған болатын. Ол экипаж мүшелерін қарсы алу үшін Сан-Диегоға барды.
Өткен айда америкалық бұқаралық ақпарат құралдары бұл кемедегі тұрмыс жағдайының қиындығы, соның ішінде азық-түлік пен гигиеналық құралдардың тапшылығы, сондай-ақ кейбір теңізшілердің психологиялық жағдайына қатысты мәселелер туралы бірнеше материал жариялады. АҚШ Конгресінің өкілдері «Авраам Линкольн» экипажының 8 мүшесі кемедегі ауыр тұрмыс жағдайына байланысты өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағанын мәлімдеді.
Аризона штатынан сайланған демократ сенатор Рубен Гальего сәрсенбі күні осы әскери кемеге қатысты мәселелерді, сондай-ақ АҚШ Әскери-теңіз күштеріндегі проблемаларды кең ауқымда зерттеуді талап етті. Оның айтуынша, бұл әскери кемеде туындаған мәселелер жекелеген сәтсіздік болғанын немесе АҚШ Әскери-теңіз күштерінің құрылымы болашақта да операциялық әзірлікті қамтамасыз ете алмайтынын көрсететін белгі екенін анықтау қажет.












