Австрия Президенті Александр Ван дер Беллен Иранның жаңа сайланған президенті Масуд Пезешкианға құттықтау хат жіберді.
Еуразия Тудейдің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Австрия Президенті Александр Ван дер Беллен Иранның жаңа сайланған Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау хат жолдап, оған сәттілік тіледі.
Александр Ван дер Белленнің құттықтау хатында: «Сізді Иран Ислам Республикасының тоғызыншы президенті болып сайлануымен құттықтауға қуаныштымын. Мен Сіздің жаңа лауазымыңыз мен маңызды міндеттеріңізге осы қиын күндерде үлкен жетістік тілегім келеді. Сіз Иран халқының бейбітшілік пен тұрақтылыққа, сондай-ақ, экономикалық және әлеуметтік дамуы мен өрлеуі жолындағы жарқын болашаққа деген үлкен үміттерін ақтай аласыз деген сенімдемін»,- деп жазылған.
Еске сала кетейік, Иранның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Масуд Пезешкиан 5 шілдеде өткен президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Иранның тоғызыншы президенті атанды.
Масуд Пезешкианның инаугурациясы 30 шілде күні өтеді.



















