Кабул мен Исламабад экономикалық байланысты тереңдететін маңызды қадам жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ауғанстан мен Пәкістан екі ел арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге арналған преференциялық тарифтер туралы келісімге қол қойды.
Құжат кеше, 1 тамызда күшіне енді. Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, құжат әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен бір жыл бойы жарамды болады.
Келісім агроэкспорттың негізін құрайтын негізгі өнімдерге экспорттық баждарды төмендетуді көздейді.
Сонымен қатар, Ауғанстаннан жүзім, анар, алма және қызанақты Пәкістанға жеткізу кезінде тарифтер 60 пайыздан 27 пайызға дейін төмендеді.
Ал Пәкістан Ауғанстанға манго, картоп, банан және кинноу гибридті цитрус жемістерін экспорттауға жеңілдік алды.
Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, бұл келісім – сауданы кеңейтуге және фермерлердің сыртқы нарыққа қол жеткізуіне бағытталған маңызды қадам.


















